Оформление заявки
это поле обязательно для заполнения
Имя:
*
это поле обязательно для заполнения
Телефон:
*
это поле обязательно для заполнения
E-mail:
*
это поле обязательно для заполнения
Область ввода:
*
это поле обязательно для заполнения
*
Спасибо! Форма отправлена
Телефон (қабылдау бөлмесі):
365904_0497
Республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қазақстан Теңге Сарайы
өнімге тапсырыс беру
Отзывы клиентов
ФИО клиента
Оставить отзывы:
это поле обязательно для заполнения
Имя:
*
это поле обязательно для заполнения
E-mail:
*
это поле обязательно для заполнения
Область ввода:
*
Спасибо! Форма отправлена

Басты бет

Құрметті сайт қонақтары!

 

Монеталар, медальдар және ордендер жасайтын заманауи кәсіпорын - «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» РМК-ның ресми  веб-сайтына қош келдіңіздер!

Біз әр тапсырыстың жоғары сапалы орындалуын қамтамасыз етеміз. Ал осынау игі істе:

 

  • Өз ісімізге адалдық, тілектеріңізді ескере отырып, Сіздер үшін жұмыс істеу;
  • Кәспорында озық мамандар, өз ісінің шеберлері жұмыс атқарады. Теңге сарайында бастапқыда Үлбі металлургия зауытының шеберлері жұмыс істеген - қазіргі таңда да осы кәсіпқойлар біздің ұжымның өзегін құрайтындығы;
  • Біз заманауи технологияларды қолданамыз, жетекші еуропалық фирмаларының құралдарымен жұмыс істейміз. Балқыту, илектеу, нақыштау, қаптаудың көптеген түрін атқару - осындай барлық әдістерді  ерекше бірегей бұйымдарды жасау барысында пайдалану бізді жігерлендіреді.

Біздің технологиялар

Өзіміздің өндірісіміз туралы толығырақ айта кетейік. Негізгісі – монеталарды көркем өңдеу жүргізе отырып,  нақыштау. Бұл үшін эмальдау, таңдамалы алтын жалату, көнергендей етіп оксидтеу қолданылады. Бұйымдарға бағалы тастар орнатуға болады. Бұл жайт медальді немесе монетаны нағыз өнер туындысына айналдырады. Тампографиялық және түсті басылым, сонымен қатар, декорациялық сәндеу мақсатында да қолданылады. Бағалы металдарды сараптау үшін аккредиттелген зертхананың болуы - Қазақстан теңге сарайының монеталық және басқа өнімдерін жасау үшін пайдаланылатын бағалы металдардың сапасы мен тазалығының кепілі.  

Әсіресе, біздің өніміміздің жалған түрінің жасалмауына аса көңіл бөлеміз. Ол үшін шағын мәтін, тұтқырландырылған гурт жүргізіледі, секторлық гурттық кертпе қолданылады, биколорлы бұйымдар жасалып, жасырын суреттер мен голограмма салынады.                            

             

Өнім түрлері

 

Қазақстан теңге сарайының мамандары келесі түрдегі монеталар түріндегі ұлттық валютаны жасаумен айналысады:

  • гальваникалық жабындысы бар түсті металдар мен болат дайындамалардың қорытпаларынан айналымдағы монеталар;
  • инвестициялық монеталар;
  • түсті және бағалы металдардан жасалған коллекциялық монеталар.

Біз - танталмен монета жасайтын жалғыз елміз. 2011 жылы біздің кәсіпорын танталдан жасалған қондырғысы бар монеталар жасауға инновациялық патент иегері атанды. Сондай-ақ, біз танталдың түсін өзгертетін технологияларды игердік, бұл өз кезегінде бұйым дизайны үшін мол мүмкіндіктерді ашады.

 

Нені мақтан тұтамыз?

 

Бүгінгі таңда мемлекетті ұсақ тиын ақшамен толық қамтамасыз етіп отырмыз, ал олар сипаттамасы бойынша еуропалықтан бір де бір кем түспейді. Кәдімгі ұсақ тиын ақшамен қатар салмағы 0,5 килограмман 2 килограммға дейінгі күміс және алтын монеталар сынды ерекше бірегей бұйымдарды да шығарамыз.

Бұйымдарымыз жоғарғы әлемдік стандарттарға сәйкес келеді, мұны жыл сайын Берлин (Германия) қаласында ұйымдастырылатын айтулы халықаралық монеталар көрмесінің сарапшылары растайды.

Тек Қазақстан теңге сарайына Президент Әкімшілігі республиканың ең маңызды мемлекеттік наградаларын жасауды тапсырып отыр. Біздің шеберлер зергерлік өнердің нағыз туындысы болып табылатын сапалы ордендер мен медальдарды жасап шығарады.

 

Біздің жұмыстарды Үкімет, Ұлттық Банк, сондай-ақ әртүрлі ведомставолар мен ұйымдар жоғары бағалайды. Өніміміздің жоғары сапасын халықаралық маңыздағы көрмелерде үнемі растап отырамыз.

Дамуымызды осымен тоқтатпақ емеспіз. Кемелденуге ұмтылу – ұстанымымыздың негізгі қағидаттарының бірі болып табылады. Мамандарымыз тұтынушылардың сұранысына барынша сәйкес келу мақсатында нарықтың жаңа қарқынын үнемі қадағалап отырады. Біз шикізат пен құрал-жабдықтарды барынша тиімді пайдаланамыз, бұл өз кезегінде өнімнің, оның сапасына зиянын тигізбей, өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорнымыздың монеталары мен медальдары Сіздің қызығушылығыңызды арттырып, Өзіңізді серіктесіміз болады деген үміттеміз. Өз тарапымыздан қолайлы және нәтижелі ынтымақтастыққа кепілдік береміз!

Поделиться:
бізбен байланыс:
Телефон (қабылдау бөлмесі):
Қазақстан Республикасы, 070050, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 102/1
08.00 - 17.00
Дүйсенбі - жұма
Қоңырауға тапсырыс беру
Заказать обратный звонок
это поле обязательно для заполнения
Имя:
*
это поле обязательно для заполнения
Телефон:
*
это поле обязательно для заполнения
Область ввода:
*
это поле обязательно для заполнения
*
Спасибо! Форма отправлена